Прямая трансляция

Астана

Астана

25.24°C

Көкпардағы қазақ-қырғыз арасындағы бәсеке «Ұлы дала жорығында» да жалғаса ма?

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында «Ұлы дала жорығы - 2025» марафон-бәйгесінде көкпардағы қазақ-қырғыз бәсекесі жалғаса ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Көкпардағы қазақ-қырғыз арасындағы бәсеке «Ұлы дала жорығында» да жалғаса ма?
фото: видеодан скриншот

«Марафон-бәйге биыл да тартысты өтетініне күмән жоқ. Қазақстандағы командаларға Қырғызстаннан келген екі команда бәсеке көрсететіні анық. Олар да қазақ сияқты атқа жақындау ұлт.

Бұл - спорт. Кім ұтса да мықты жеңеді. Мысалы, былтырғы жорықта Қабардин-Балқардың қыздары жеңіске жетті. Бұл марафон-бәйгенің әділ, таза өтетінінің көрсеткіші.

Биыл қырғыз ағайын, оңтүстікафрикалықтар ұтып кетсе де таңғалмаймыз. Кез келген команда жеңуі мүмкін. Әділдік салтанат құрады, бұра тарту болмайды. Жалпы «жорыққа» қызығушылық жоғары. Оны халықаралық деңгейге дамытуға болады», — деді Еркебұлан Сайдоллаұлы.