Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Алдағы күндері нөсер, бұршақ жауып, күн суытады

Қазгидромет мамандары 8, 9, 10 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алдағы күндері нөсер, бұршақ жауып, күн суытады
Фото: istockphoto.com

Бұл күндері ауа-райы тұрақсыз болып қалады. Алдағы үш күнде атмосфералық фронттар өңірлердің басым бөлігіне әсер етеді.

Қазақстанда нөсер жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Жекелеген аудандарда құйын мен бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде дауыл тұрады.

Ауа-райы тұрақсыз болғандықтан ауа температурасы төмендейді. Дегенмен солтүстікте күндіз ауа температурасы +20…+30 градусқа дейін, оңтүстікте +25…+35 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін сипоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде мамыр айында ауа-температурасы нормадан 1 градус жоғары болатынын мәлімдеген.