Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Соңғы қоңыраудың қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстанда дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы өз мәресіне жақындап қалды. Биыл 11-сынып түлектері үшін салтанатты шаралар мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес 23 немесе 24 мамырда өтеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Соңғы қоңыраудың қашан өтетіні белгілі болды
фото: baq.kz

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, 2024-2025 оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындыласа, оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады.

«23 мамыр күні еліміздің барлық білім ордаларында "Білімім – Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Бұл – оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу жылының қорытынды сәтін бірге атап өтетін маңызды күн. Сабақ барысында оқу процесінде жеткен жетістіктер, ерекше жобалар мен есте қалған сәттер еске алынады. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық рухты, еңбекқорлықты және білімге деген ынтаны қалыптастыру. Жас буынның білім жолындағы табысы – ел болашағының берік іргетасы болмақ. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен тұспа-тұс келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шаралар мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес 23 немесе 24 мамырда өтеді», - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі. 

Министрлік барлық білім беру ұйымдарын оқу жылының аяқталуын қауіпсіз әрі тең форматта өткізуді ұсынады.

Осыған байланысты сән-салтанатты жиындар өткізу, ақша жинау, автокөлікпен шерулер жасау және мектеп қабырғасынан тыс өзге де іс-шаралар ұйымдастыру қатаң түрде шектелетінін еске салады.