Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Шымкентте жүргізуші куәлігін 400 мың теңгеге сатқандар ұсталды

Шымкентте жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Шымкентте жүргізуші куәлігін 400 мың теңгеге сатқандар ұсталды
фото: видеодан скриншот

Тергеу барысында 2023-2024 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р. Мурашимовпен бірге бірқатар лауазымды тұлға жүргізуші куәліктерін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған «қызмет» үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алған. Нәтижесінде 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған. Қазіргі таңда тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне – 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды. 

«Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Айта кету керек, жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Бұл Шымкент қаласында соңғы жылдары жиілеген жол-көлік оқиғаларынан да байқалады. 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін жеткен», - делінген агенттік хабарламасында.