Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Астанада бірнеше көше жабылады

Ертең Елордада «Бірлік жүгірісі – 2025» республикалық шарасына орай бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада бірнеше көше жабылады
Фото: istockphoto.com

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. 1 мамырда Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған жүгіру шарасы өтеді.

Осыған орай бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі. 

Шараның орталығы – EXPO маңайы болмақ. 30 сәуір күні 20:00-ден бастап Түркістан көшесінің бір бөлігі жабылады. 1 мамырда 06:45-тен 10:00-ге дейін Түркістан және Ақмешіт көшелерінің бойы ЭКСПО-дан Бәйтерек монументіне дейін жабылады.