Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова жиналыстардың бірінде мұғалімдерден әлі күнге дейін ақша жиналатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Мен әлеуметтік желіні жіті бақылап отырмын.
Әкімдіктің тарапынан да түсіп жатқан мәселе бар. Қаражат жинау мәселесі тоқтамай тұр. Қоңырау соғуға дейін қаражат жинайтыны бізге түсіп жатыр.
Қатаң түрде ескертеміз. Ешқандай мектепке, алғашқы ұстазға, мұғалімге сыйлыққа қаражат жиналмауы керек. Бірінші басшылар осыған жауапты болады - деді Гүлназ Сүлейменова.