Астана қаласына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
                        Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанада өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысады.
Еске салсақ, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.
Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.