Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды paryz.kz.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,42 теңгеге арзандап, 540,78 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 546,36 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,84 теңгеден сатып алынады, 542,26 теңгеден сатылады.
Еуро 611,43 –616,40 теңге, ал рубль 6,59 – 6,72 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 538,41 теңгеден сатып алынады, 545,39 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 615,44 теңге, сату - 625,39 теңге;
– рубль: сатып алу 6,60 теңге, сату - 6,77 теңге.